Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының 5 бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қасымов Қуандық Серікұлы оқушылармен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында, жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құқықтық бағыт — бағдар берді.
Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Меруерт Утетлеуова «Есірткі қылмысының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы» дәріс оқыды.