NASA Space Apps Challenge-2024 жеңімпаздары

            Қазан айының 6-қазан күні  лицейіміздің дарынды оқушыларынан құралған «Technomagic» командасы NASA Space Apps Challenge хакатонында жеңіске жетіп, 100 000 теңге жүлде сертификатын ұтып алды!

             11-сынып оқушылары Жүсіп Айша, Серік Күлше, Қаппасова Махабабат және Мухамматова Ақерке бір командаға бірігіп,  NASA ұсынған ғарыштық мәселелерді шешуге арналған инновациялық жобаны әзірлеп, сарапшылардың жоғары бағасына ие болып, керемет нәтиже көрсетті.

Жарыс мақсаты: ғарыш және технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді шешу, ғылыми және бағдарламалық дағдыларды дамыту, болашаққа бағытталған тәжірибе алу.

Дарынды жастарымызбен мақтанамыз! Бұл – болашақ жас өнертапқыштарға арманға жетудің мүмкін екенін көрсететін керемет үлгі. Армандаңыздар, дамыңыздар және өз мақсаттарыңызға жетіңіздер!