«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының нәтижелері

2025 жылғы 21-ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша лицейіміздің оқушылары жеңімпаз және жүлдегер атанды:
«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер, жаңылтпаш бойынша сайыс) бағытында:
I орын –Жумабаева Адина, 10-сынып оқушысы (мұғалімі Г.Б.Дюсембаева);

«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс) бағытында:
ІІІ орын- Мамырбекқызы Іңкәр, 9-сынып оқушысы (мұғалімі Ж.К.Уахиева);
ІІІ орын- Оразбекова Бахия, 7-сынып оқушысы (мұғалімі А.Б.Шайкенова);

«Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу) бағытында:
I орын — Саидакрамова Малика, 10-сынып оқушысы (мұғалімі Г.Б.Дюсембаева);
ІІІ орын — Асыл Дильназ, 8-сынып оқушысы (мұғалімі А.Б.Шайкенова).

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары енді республикалық олимпиадада бақ сынайды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз, әрі қарай да сәттілік тілейміз!