Бүгін, 17 қаңтар күні, мамандандырылған мектеп ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Қазақстан Білім олимпиадасының» жүлдегерлерін, сонымен қатар, екінші тоқсандағы Білім тексеру сынағында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар дипломдармен марапатталды. Жетістікке жеткен барлық оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
КБО жүлдегерінің нәтижелері:
• Инсебаева Фатима, 9-сынып, биология пәні – күміс медаль;
• Исақ Анар, 11-сынып, биология – қола медаль;
• Ершат Іңкәр, 9-сынып, химия – қола медаль;
• Шотбай Айзия, 9-сынып, химия – қола медаль;
• Әбдіманап Гүлсезім, 9-сынып, география – қола медаль;
• Бекенова Қымбат, 10-сынып, физика – қола медаль;
• Кусманова Ажар, 10-сынып, физика – қола медаль;
• Абдуллина Карина, 11-сынып, физика – қола медаль;
• Нұрпейісова Тоғжан, 10-сынып, химия – Мақтау қағазы.
БТС-2 нәтижелері:
• Саидакрамова Амина, 9-сынып, І орын;
• Сергазина Айсана, 7-сынып, ІІ орын;
• Аманбай Азиза, 7-сынып, ІІ орын;
• Оразбекова Бахия, 7-сынып, ІІІ орын;
• Мейрамова Жанель, 9-сынып, ІІІ орын;
• Кенжебек Гауһар, 9-сынып, ІІІ орын иегері атанды.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табыстарыңыз – лицейдің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!