FIRST Global Challenge халықаралық жарысының қорытындысы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, сондай-ақ «USTEM Foundation» қоғамдық қоры 2024 жылдың 9-11 тамызы аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында оқушылар арасында FIRST Global Challenge халықаралық жарысын өткізді. Жарыс оқушыларды адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге тарту және STEAM пәндерін танымал ету мақсатын көздеді. Бұл жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ-ден 1500 дарынды оқушы қатысты. Павлодар облысынан «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің «Technomagic» құрама командасы қатысып, 11-сынып оқушылары Серік Күлше, Махаббат Каппасова, Айша Жусупова, Ардак Қазыхан және Бақытбек Төлеген жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команданың жетекшілері – Мафтуна Тахировна Надирхожаева, Лайых Бахара. Сонымен қатар, команда мүшелері Satbayev University мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне (METU) 4-жылдық грант сертификаттарымен марапатталды.