Қала – ауылға» жобасы аясындағы пәндік олимпиадаларға дайындық семинары өтті 2025 жылдың 29 қаңтар күні Аққулы ауылының жалпы білім беретін мектебінде Білім беру бөлімі әдістеме кабинетінің ұйымдастыруымен «Қала – ауылға» жобасын іске асыру мақсатында «Пән олимпиадаларының тапсырмаларын шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинарға лицей педагогтары және Аққулы ауданының әдіскерлері қатысты:

— А.М. Нурмагамбетова – оқу-ісі меңгерушісі, тарих, география, құқық негіздері пәнінің педагогы

—  Г.А. Аскарова – химия пәнінің педагогы

—  С.Ж. Саруар – математика пәнінің педагогы

—  Е.А. Мусабаева – физика пәнінің педагогы

— А.А. Макишева, Б.Ж. Мәрен – Аққулы ауданының білім беру бөлімінің әдіскерлері.

Қатысушылар: 38 педагог, 42 оқушы

Семинар барысында:

—  Олимпиадаға дайындықтағы күрделі есептерді шешу жолдары қарастырылды;

— Тарих және құқық негіздері пәндерінен эссе жазу құрылымы түсіндірілді;

— Ситуациялық тапсырмаларды шешу әдістері ұсынылды;

— Олимпиадаға дайындыққа арналған дереккөздер мен пайдалы сілтемелер берілді:

— Дайындық кезіндегі лайфхактармен бөлісті.

 Сонымен қатар, С.Ж. Саруар математика пәнінен ҰБТ-ға тиімді дайындық әдістерін, есептерді оңай әрі жылдам шешу лайфхактерін, пайдалы ресурстарды ұсынды.

Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, ұсыныстар жасалды.

🎯 Осындай шаралар ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім деңгейін көтеріп, олимпиадаға дайындығын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады!